• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Туризм 14 Шілде, 2024

Астана-Милан бағытында жаңа әуе рейсі ашылды

104 рет
көрсетілді

Астана халықаралық әуежайы Милан мен Қазақстан астанасын байланыстыратын NEOS-тың жаңа рейсін қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

13 шілдеде Италияның Қазақстандағы елшісі Альберти Марконың, сондай-ақ ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Әділет Майбасарұлы Көбеновтың қатысуымен Милан-Астана рейсінің ресми ашылуы салтанатты түрде өтті, деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы.

- NEOS авиакомпаниясының рейстері Boeing 787 Dreamliner ұшағында орындалады. Бұл жолаушыларға Миланнан Қазақстанның астанасына және кері бағытқа жылдам әрі жайлы саяхаттауға мүмкіндік береді, – деп толықтырды әуежай.

Шара қонақтары екі астана арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туризмді дамытуға септігін тигізетінін атап өтті. NEOS авиакомпаниясымен ынтымақтастық Қазақстанның азаматтық авиациясы және көлік-логистикалық саласының дамуына оң әсер етеді.