«Жолаушылар тасымалы» АҚ және «Қазпошта» АҚ Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысы барлық аудандарындағы пошта бөлімшелерінде теміржол билеттерін сату жөніндегі бірлескен алғашқы жоба қолға алынды.
Енді ауыл тұрғындары қаладағы теміржол вокзалдары кассаларына барып жатпай-ақ, жақын маңдағы пошта бөлімшесінен пойызға билет сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Жыл аяғына дейін мұндай жаңа теміржол билеттерін сату қызметі «Қазпоштаның» Қазақстан Республикасындағы барлық бөлімшелерінде енгізілмекші, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.