• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Шілде, 2024

Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы айқастың өтпеу себебін «ғасыр оқиғасына» теңеді

692 рет
көрсетілді

14 шілде күні WBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегі өтпей қалды. Оған отандасымыздың жұдырықтасу алдындағы салмақ қуу кезінде есінен танып қалғаны себеп болған. Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы Андрей Михайлович бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz. 

Sports.kz мәліметінше, Андрей Михайлович қос белбеу иегерінің жекпе-жек алдында ауруханаға түсіп қалуын «ғасыр оқиғасына» теңеген. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырған.

«Осы айқас үшін 7000 миль жолды артқа тастап келдім. Алайда күтпеген жағдай болып, жекпе-жектің болмай қалғаны, әрине, өкінішті. Бұл ғасыр оқиғасы болды. Амал жоқ көнеміз. Сіздердің сүйіспеншіліктеріңізге алғыс білдіремін. Осы бір келеңсіздікті еңсеруге сіздер көмектесесіздер», деп жазды Андрей Михайлович. 

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының жай-күйіне қатысты ақпарат ұсынған едік.