• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
12 Маусым, 2015

Жеті жылға таяу уақытын құлдықта өткізген

242 рет
көрсетілді

Облыстық ішкі істер департаменті ұйым­дасқан қылмыспен күрес бас­қармасы және «Арлан» арнайы бөлімшесі қызмет­­­­­­керлері 64 жастағы азамат­тың жеті жылға таяу уақыт құл­дықта ұсталғанын анықтады.

Бұл жайт шалғайдағы Бөкей ордасы ауданын­­­­дағы маң далада, мал қыстағында орын алған.Оның еріксіз еңбек тұт­қынында жүргені белгілі бол­ғаннан кейін «есін жиған» жәбірленуші полицияға өті­ніш-шағым жазып, аталған уақыт­­тың аралығында оған ешқан­дай төлем төленбегені жөнін­де айтқан. Батыс Қазақ­стан облыс­тық ішкі істер депар­тамен­ті баспасөз қызметінің жетек­шісі Гүлжан Қанатова жоғары­дағыдай мәлімдеме жасады. Осыдан кейін басына бір үлкен қара бұлттың төніп келе жат­қанын сезе қойған шаруа қожа­лығының жетекшісі, яғни зейнет жасындағы адамды құлдыққа жеккен меншік иесі оған алты жылдан астам уақыттағы еңбегі үшін 760 мың теңге төлеген. Осымен ол өз айыбы мен кінә­сінен толық арыла ала ма? Арыла алмайтын секілді. Өйткені, оған қатысты Қазақ­стан Республикасы Қылмыстық кодексінде қарас­тырылған «Адамдарды сату» арнайы бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру ісі басталып кетіпті.

Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан».

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы.