• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Шілде, 2024

Министр елдегі ең нашар жолды көлікпен жүріп өтті

172 рет
көрсетілді

Көлік министрі Марат Қарабаев еліміздегі ең нашар жолдардың бірі «Ақтөбе - Хромтау - Қарабұтақ» тас жолын көлікпен жүріп өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған ведомство басшысының айтуынша, аталған жолдың қазіргі жағдайы қанағаттанарлықсыз, әйтсе де бір бөлігінде қайта құру жұмыстары басталып кеткен.

«Ақтөбе мен Хромтау арасындағы 30 шақырымдық жол учаскесін Sine Midas Stroy мердігері салып жатыр. Жолдың ең нашар деп танылған 66 шақырымдық жол бөлігін ағымдағы жөндеумен қамтып жатырмыз. Қазір оның 36 шақырымы жөнделді», деді министр.

Қазіргі уақытта Ақтөбе мен Ақжар ауылының арасы, Просторный ауылы мен Хромтау қаласының арасы және Құдықсай, Бөгетсай, Қарлау ауылдарының аралары қалыпқа келтірілген.

Аталған жолды толығымен қайта жаңарту жұмыстары келесі жылы басталады.