• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қылмыс 17 Шілде, 2024

«12 жыл жасырынған»: 17 млн теңгені жымқырып кеткен директор ұсталды

182 рет
көрсетілді

Полиция қызметкерлері осыдан 12 жыл бұрын Ақтөбе облысында қылмыс жасап, қашып кеткен күдіктіні қолға түсірді, деп жазады Egemen.kz. 

Polisia.kz хабарлағандай, күдікті Алматы облысында ұсталды.

«Іздеуде жүрген адам ЖШС директоры бола отырып, 2012 жылы Ақтөбе облысының екі ауданында мал қорымын салуға келісіп, банк арқылы бірнеше траншпен 17 миллион теңге сомасында ақша иеленген. Алайда мал қорымын салу бойынша жұмыс орындалмаған. Барлық ақшаны алғаннан кейін ол қашып кеткен», делінген ресми хабарламада.

Қылмыстық іс қозғалып, оған мемлекетаралық іздеу жарияланған еді.