Жергілікті полицейлер қаладағы тұрғын үй пәтерлерінің бірінде вейп сатқан 28 жастағы тұрғынды анықтады. Оның пәтер-қоймасынан 20 мыңнан астам вейп табылды, деп жазады Egemen.kz.
Интернет-дүкен штатында иесінен бөлек 10 адам: сатушылар, курьерлер, сұрыптаушылар, сатушы-дроппер, ревизор жұмыс істеген.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баптың санкциясы 200 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алумен жазалауды көздейді», делінген ІІМ хабарламасында.