• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Шілде, 2024

Семейде екі күннен бері 9 жасар бала табылмай жатыр

174 рет
көрсетілді

Семейде екі күннен бері 9 жасар баланы іздеу жұмысы жүріп жатыр. Бұл туралы Абай облысының ПД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Оның шашы қара, көзі қоңыр. Бойы: 135-140 см, арық денелі.

Киген киімі: қара қалпақ, қызыл футболка, күрең түсті шорты, қара және жасыл түсті кроссовка.

Абай облысының полиция департаменті облыс орталығының тұрғындарына 2024 жылдың 19 шілдесінде сағат 12:00 шамасында Семей қаласы, Театральная көшесі, 11 үй мекенжайынан белгісіз бағытқа шыққан және қазіргі уақытқа дейін орналасқан жері белгісіз, хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған Маненов Алинұр Ерланұлын іздестіруге жәрдемдесу туралы өтініш жасайды.

Егер сіз фотосуреттегі ұл баланың орналасқан жерін білсеңіз, 102 телефоны арқылы хабарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.