• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 10:00

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

19 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 2024 жылдың 21 шілдесіне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның көптеген өңірінде атмосфералық қысымның төмендеуіне байланысты найзағай ойнап, аздап жаңбыр жауады және желдің екпіні 15-20 м/с дейін артады, ал шығыста, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ жауады деп күтіледі.

«Күндіз сынап бағаны еліміздің солтүстігінде, шығысында: +20…+28°C, оңтүстігінде: +34…+39°C, еліміздің орталығында: +25…+33°C, оңтүстік-шығысында: +30…+38°C, ал батысында +33…+38°C көрсетеді деп болжанған», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.