• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 16:18

Қызылжар ауданында трактор мен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам мерт болды

29 рет
көрсетілді

Жол-көлік апаты бүгін Қызылжар ауданына қарасты Бескөл ауылынан 3 шақырым жерде орын алған, деп жазады Egemen.kz.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Астана – Петропавл» автожолында Infiniti FX45 автокөлігінің жүргізушісі бір бағытта кетіп бара жатқан «Беларус» тракторының тіркемесіне соғылған.

Салдарынан жеңіл көліктің 20 жастағы жүргізушісі мен оның 37 және 27 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір 1996 жылғы жолаушы қыз бала орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Трактордың 35 жастағы жүргізушісі зардап шекпеді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері үш адамның қазасына алып келген жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалар мен сотқа дейінгі іс жүргізуді тағайындау үшін материалдар жинап жатыр.