• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 09:47

Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай безендірілген пойыз жолға шықты

40 рет
көрсетілді

Елордадағы Нұрлы жол вокзалынан қазақтың алғашқы академик-геологы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай безендірілген жолаушылар пойызы жолға аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қаныш Сәтбаевтың қызметі Жезқазған қаласымен тығыз байланысты болғандықтан №65/66 «Астана-Жезқазған» бағытындағы пойыз арнайы рәсімделді. Рәсімделген пойыз күздің басына дейін күнара қатынайтын болады», делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазақтың көрнекті қайраткерлеріне арналған тақырыптық жобаны Ұлттық тасымалдаушы «Қазақмыс» компаниясымен бірлесіп алғаш рет іске асырып отыр. Пойыздың сыртқы жағында Қаныш Сәтбаевтың өмір сүрген жылдары мен оның мерейтойлық портреті бейнеленген. Жоба ұлы қазақ ғалымының есімін қастерлеуге бағытталған.

Қаныш Сәтбаев ірі мыс, көмір және басқа да пайдалы қазбалар кен орындарын ашып, еліміздің экономикалық дамуына едәуір үлес қосып, тарихта өшпес із қалдырған ұлы тұлға.