• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Шілде, 2024

Су тасқыны: Ақтөбеде 17 кәсіпкердің шығындары өтеледі

158 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде зардап шеккен бизнес өкілдеріне материалдық залалды өтеу шаралары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңір әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаевтың төрағалығымен шағын орта бизнес субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындардың өтемақысын анықтау жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті.

Комиссия 6 объектіні (Ақтөбе қаласы және Темір ауданында орналасқан) қанағаттандыру және 63,5 млн теңге көлеміндегі залалды төлеу туралы шешім қабылдады.

Хабарламада: «Комиссия жұмысының барлық уақытында 22 кәсіпкер өтініш білдіріп, 17-сі 230,7 млн сомасына залалды өтеуге мақұлдау алды», делінген.

Облыста тасқыннан 69 субъект шығынға ұшыраған. Естеріңізге салайық, өтемақы алуға өтініштер осы жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады.