• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 15:02

Қазақстанда 43 градусқа дейін күн ысиды

49 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Мекеме мәліметінше, 23, 24 және 25 шілде күндері Қазақстан аумағында атмосфералық қысым төмендеп, құбылмалы ауа райы қалыптасады. 

Мәселен, 24-25 шілде аралығында елдің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, күндіз солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Ал шығыс пен оңтүстікте ауа температурасы көтеріледі. 

«Күндіз ауа температурасы республиканың шығысында +30...+35, оңтүстікте +38...+43, оңтүстік-шығыста +31...+37 дейін көтеріледі деп болжанып отыр», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.