• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Шілде, 2024

Павлодардың қақ ортасында ер адамды пышақтап кеткен

124 рет
көрсетілді

Ауыр жарақат алған жәбірленуші дереу ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер оны аман алып қала алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясы қоңырау 20 шілде күні таңғы сағат 4:34-те түскенін хабарлады.

«Қоңырау 20 шілде күні сағат 04:34-те Мәшһүр-Жүсіп пен Лермонтов көшелерінің қиылысында түсті. Жәбірленуші - 35 жастағы ер адам, ол кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған. Жағдайы өте ауыр, ол Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді», делінген жедел ақпаратта.

Денсаулық сақтау басқармасы ер адамның клиникалық өлім жағдайында жеткізілгенін растады. Ол сол күні қайтыс болды.

Кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу басталды. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жалғасып жатыр», делінген Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.