• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен дәрігердің денесі табылды

121 рет
көрсетілді

Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еріктілер бұған дейін 20 шілдеде жоғалып кеткен 25 жастағы ер адамды іздеп жатқандарын хабарлаған болатын.

Онда қызылордалық жұмыстан шыққаннан кейін, үйіне оралмағаны айтылған. Ол облыстық көпсалалы ауруханада жұмыс істеген.

- ТЖД, ПД қызметкерлерінің, Абылайханның туыстарының және өзге де ерікті азаматтардың күшімен іздеу жұмыстары ұйымдастырылды. Өкінішке қарай, ол өлі күйінде табылды. Иманды болсын. Жас жігіттің неден қайтыс болғаны туралы әзірге белгісіз. Достар, Абылайханды іздеуге ат салысқандардың барлығына рахмет, - деп жазды "Қызылорда еріктілері" қоғамдық қорының атқарушы директоры Ольга Чебакова Facebook парақшасында.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалған жас жігітті іздеуге екі күн ішінде ПД, полиция басқармасы, ТЖД жеке құрамы, еріктілер мен жергілікті тұрғындар тартылғанын атап өтіп, жас жігіттің қаза тапқаны туралы ақпаратты растады.

- 23 шілдеде жоғалған адамның денесі табылды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Ер адамның өлімінің нақты себебін анықтау мақсатында қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды және осы сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Тұлға анықталды. Тергеу әрекеттері жалғасады. Аймақ полициясы марқұмның жақындары мен туыстарына шын жүректен көңіл айтады, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.