• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Шілде, 2024

Ішкі істер министрлігі екі күдіктіге іздеу жариялады

120 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігі «Qarmet» АҚ-дан ұрлық жасады деген күдіктілердің суретін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қылмыстық топтың аса ірі көлемде жасаған алаяқтық фактісі бойынша тіркелген қылмыстық іс бойынша (ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі) екі азаматқа іздеу жарияланды. 

Ахметжанов Мирас Қалымбекұлы, 1987 жылы 2 сәуірде туған, Абай облысының тумасы, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Бұлтартпау шарасы − «қамауда ұстау».

Чижевский Андрей Александрович, 1987 жылы 29 қарашада туған, Қостанай облысының тумасы. Бұлтартпау шарасы − «қамауда ұстау».

«Іздеудегі адамдардың жүрген жері туралы ақпарат болса, ел азаматтарынан Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша Ішкі істер министрлігінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментіне немесе 8-705-177-14-19, 8-702-975-62-48, 8-775-299-79-97, 8-7172-72-20-99 байланыс нөмірлеріне хабарлауды сұраймыз», делінген хабарламада.