• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Шілде, 2024

Шөміш қағу

702 рет
көрсетілді

Зәуі бір себеппен ауылға барғанбыз. Биыл біздің өңір­де жаңбыр жиі. Әйтсе де көк аспанды қаптап, тү­неріп келген тоқтының жа­­бағы жүніндей ұйыс­қан бұлт біткен шоқ жұл­дыздай шағын ауылды айналып өтеді екен. Ауыл ақ­сақалдары табиғаттың осы бір тылсым мінезінің сы­рын таба алмай айран-асыр.

Ауылды айтасыз, алақандай қаланың өзінде жауын ала-құла жа­уатынын көзіміз көріп жүр. Орталықта биесауы­м уақыт қорғасын бұлт түйдектеле түнеріп келіп, шелектеп төге салғанда, шет­­тегі шағын ауданға тамшы да тамбайды. Келесі күні дәл сондай көрініс. Бір­­ақ керісінше, шеткі аудан батпаққа батып жатса, орталық құп-құрғақ. Елдегі көрініс те құдды осы сияқты. Әйтсе де ақсақалдар себебін іздеп, әуре-сарсаңға түсіп отыр. Кейбіреулерінің айтуына қарағанда, Ақ­тас­тың ете­гіндегі баяғы Жоң­ғар шап­қыншылығынан қалған көне зираттың кейбір қа­бірі ашылып, сүйектері сыртқа шығып қалса керек. Әне бір жылдары ел адамдары Ақтастың ете­гінен іргетас құятын тас ала­мыз деп едәуір же­рін қазып тас­тап еді. Қабір­лердің ашылып қалу себебі де сол. Әр нәр­сеге мұқият ақсақалдар жа­уынның жаумауы содан деседі.

– Шөміш қағып көрейік, – деді Есенбай ақсақал.

– Аға, ол қандай ырым? – деді алқақотан отыр­ған жұрттың етегін баса отыр­ған Айдарбек. Ел назары өзіне ауған соң, Есенбай ақсақал бар білгенін қота­рып салған.

– Ертедегі қазақ дәстүрі, – деді Есенбай ақсақал, – көктем келіп, Жер-ана бусанып, бәйшешек гүлдеп жатқан уақытта жып-жылы жауынның бір құйып бе­ретіні бар. Шөп пен егін­ге нағыз керек ылғал. Егін егіліп болған, ендігісі шөптің жайы. Жауын жау­­маса, үлкендер «күн күркіресін, көк дүр­кіресін» деп тілек тілеген. Қол­да­рына ағаш сапты ожау алып, маңдайшаға тигізіп, «ағарған мол болсын» деген ізгі ниеттерін Жаратқанға жеткізіп жалбарынған.

Жаратқан өз пендесін таршылықта сынамайды. Көп ниеті қабыл болып, Арқаның ақ жауыны апталап құйып беретін оқиғалар көп кездескен. Көпті көрген көнекөздің ұсы­нысын қабыл алған жұрт бағзы замандағы ырым­ды орындауға кі­ріс­ті.

Біз ауылдан аттанып бара жатқанда, те­ріс­кей­ден жылжыған шө­кім­дей бұлт әуеде жі­бек орамалдай жа­йылып, бада­надай-баданадай жауы­н шөліркеген даланың тө­сіне құйыла бас­тады. Осы бір ғаламат көрі­ніске таң­ғалғанымыз бар. Ес­кінің есті ырымын сақ­тасақ, ел ырысы да мол бола­ды екен-ау.

 

КӨКШЕТАУ