• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 25 Шілде, 2024

Жасанды жаңбыр Аралды құтқара ала ма?

336 рет
көрсетілді

Биыл Аралдың арнасы толып келеді. Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Арал теңізіне өткен жылмен салыстырғанда 12,5 есе артық су келіп жатқанын мәлімдеді. Бұл оң өзгеріске қолдан жаңбыр жауғызып, Аралды суға толтырамын деген Алтай Айнабектің еңбегі ме? Осы сауалға «Қазгидромет» мекемесі, Бүкіләлемдік метеорология орталығы және Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ География және таби­ғатты пай­далану факультетінің аға оқытушысы жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

«Халықаралық климаттың өзгеруі технологиялары орталығы» ЖШС басшысы Алтай Айнабек бұл жоспарын жүзеге асырып отырған ғылыми, технологиялық негіздерін ашып айтты. 

«Мен қолданатын техноло­гия­ның тарихы тым әріде 80-ге жуық мемлекетте пайда­ла­нылған, атмосферада бар ылғалды конденсациялау арқы­лы жауын деңгейін көтеретін – бұлт егу әдісі, ескі техноло­гия, координалдық түрде арид­тық (ылғалдылығы аз) аймақ­тарда жұмыс істей алмайды. Біздің технология ат­мос­фераға әсер етудің жаңа ұста­нымдарына негізделген. Техно­логия цик­лондық үдеріс­­терді «қосады», мұхит аквато­рия­­сынан ылғал тартады. Басты­сы, атмосфераның төменгі қабатында жұмыс істейді, яғни бұл – азаматтық технология», дейді ол. 

Десе де  «Қазгидромет» РМК осы аумақта жаңбыр жауатынын алдын ала біліп, 10 күндік, апталық болжам жасап, облыс тұрғындарына хабарлап отырғанын айтады. Сондай-ақ мекеме осы әдістің ғылыми негізін анықтауды білмекке бүкіләлемдік метеорология орталығына хат жолдаған. 

Жауапты «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы филиалының І санат­ты инженер-синоптигі Мағжан Сәдуақасов жария етті. 

«Әдіс туралы бүкіләлемдік метеорология орталығы біздің хатымызға жауап ретінде «ешқандай кеңес бермейтінін» айтты. Демек ғылыми негіз жоқ. Ал Қызылорда немесе басқа өңірлерде болып жатқан биылғы жауын мөлшері табиғи құбылысқа жатады», деді Мағжан Сәдуақасов.

Сан алуан пікірге себеп болған Алтай Айнабектің қолдан жаңбыр жауғызу әдісіне отандық ғалымдардың көзқарасын тілшіміз Ержан Қожастың «Аралды суға толтыру амалы: Жай сөз бе, нақты іс пе?» мақаласынан біле аласыздар.