• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Олимпиада 25 Шілде, 2024

Марқұм Амангелді Сейітханның ұлы Париж Олимпиадасында комментатор болады

422 рет
көрсетілді

«Хабар» агенттігінің басшылығы жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында қазақ спорт жанкүйерлерін қуантып, белгілі спорт журналисі Амангелді Сейітхан марқұмның ұлы Бекасыл Сейітханға тізгін ұстатты, деп жазады Egemen.kz. 

«Хабар» агенттігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Бекасыл Сейітхан спорт журналисткасына бала кезден құмартқан. Алайда онысын байқатпағандықтан әкесі үйінде болашақ комментатордың өсіп келе жатқанын мүлде білмеген. Әкесі көз жұмған соң, комментатор ісін қолға алып, ізін жалғастыруға кіріскен. Жеке спорт арнасында шеберлігін шыңдап жүрген Бекасыл Сейітхан 1 жылдан астам уақыт ішінде 100-ден астам эфир жүргізген. Осы Олимпиадаға іріктеу кезеңдерін де жүргізген екен.

«Әкесінің асыл қасиеттері Бекасылға дарыған, танымал комментатор болатынына сенімдіміз. Жас комментатор болған соң көрермендер түсіністікпен қарайды деп ойлаймыз», дейді спорт журналистикасындағы ағалары.

Одан бөлек, Олимпиада-2024 ойындарында «Ел арна», «Хабар» арналарынан 7 спорт комментантаторы жұмыс істейді.

Жас комментатор Бекасыл Сейітханның Париж Олимпиадасындағы алғашқы эфирін 27 шілде күні сағат 14:00-де «Ел арна» телеарнасынан тамашалауға болады.