• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Оқиға 25 Шілде, 2024

Астанада жұмысшы биіктен құлап, көз жұмды (видео)

132 рет
көрсетілді

Астана қаласындағы құрылыс алаңдарының бірінде жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жұмысшының биіктен құлап, әп-сәтте ажал құшқаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды.

Қалалық Полиция департаменті оқиға 2024 жылдың 19 шілдесінде болғанын хабарлады.

«Құрылыс алаңындағы жұмысшының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу органдары абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр», делінген ПД баспасөз қызметі ақпаратында.

Полицейлер қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізіп жатыр. Мамандар құрылыс алаңында қауіпсіздік нормалары мен стандарттарының сақталуын, сондай-ақ қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін бұзушылықтарды тексереді.