Таяуда Венада Қазақстанның Австриядағы Елшілігі осы ел өнеркәсіпшілер бірлестігінің қолдауымен «Discovering business opportunities in Kazakhstan» атты Қазақстан-Австрия бизнес-форумын өткізді. Қазақстан инвестициялары арасындағы салынған және қазақ-австрия экономикалық ынтымақтастығының жарқын үлгісі ретінде Ритц-Карлтон қонақ үйі форум өткізу орны ретінде таңдалды.
Бизнес-форум жұмысына 100-ге жуық австриялық компания, үкімет және бизнес-бірлестіктері өкілдері қатысты. Құрметті қонақтар ішінен Австрия Парламентінің депутаттар тобын басқарған Ұлттық кеңестің екінші президенті Карл-Хайнц Копф, Көлік, инновациялар мен технологиялар вице-министрі Андреас Райхард және басқа да жоғары лауазымдылар қатысты. Форумның негізгі баяндаушысы ретінде сөз сөйлеген Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев форум қатысушыларын «100 нақты қадам» атты Ұлттық жоспар, 2015-2018 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы, 2015-2017 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» бағдарламасы, инвесторларды қолдау шаралары және өндірісті локализациялау аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы ақпараттандырды. Бизнес-форум шеңберінде өткен панельдік пікірсайыс барысында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты – Қазақстан Машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы М.Пішембаев, Австрияның Экономика палатасының вице-президенті Р.Шенц және «КазнексИнвест» АҚ төрағасының орынбасары А. Ерғазиева интерактивті форматта Қазақстанда бизнес жасау мүмкіндіктері және инвестициялық ахуал жайлы айтып берді. Вице-министр Е. Сағадиев Австрияның экономика вице-министрі Б. Гирлингермен кездесіп, тараптар екі-жақты әрекеттесуді одан әрі күшейтуге және нығайтуға мүдделілігін растады. Форум шеңберінде «КазнексИнвест» АҚ пен «KapschTrafficCom» трансұлттық компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл компания Қазақстанда жол саласын дамытуға қатысуды жоспарлайды. Одан басқа өнеркәсіпшілер бірлестігінің офисінде вице-министр Е. Сағадиев бірқатар жетекші австриялық компания басшыларымен кездесулері өтті. Жалпы, осы форум барысында австриялық компаниялар Қазақстанмен ынтымақтасуға үлкен қызығушылығын көрсетті. Әлеуетті инвесторлардан басқа, форум австриялық компаниялардың елімізбен өнеркәсіптік кооперацияға мүдделілігін айқындады.
«Егемен-ақпарат».
Сурет: inform.kz