• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Шілде, 2024

Ертең Алматыда дабыл белгісі іске қосылады

Бұл туралы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең, 26 шілдеде сағат 10:00-де жер сілкінісі болған жағдайда халықты хабардар ету үшін командалық штабтық оқу-жаттығу жоспарланған.

Дабыл белгісін қосудағы мақсат - ескерту құралдарының дайындығын тексеру және халықты төтенше жағдайлардан (ТЖ) қорғау.

«Ескерту жүйесін тексеру кезінде техникалық құралдар кешенін қысқаша қосу жоспарланып отыр», деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар