25 шілде күні бокстан Париж Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі өтті. Осылайша боксшыларымыздың олимпия ойындарындағы алғашқы қарсыластары анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Ерлер: 51 келі. 17 боксшы 1/8 финалСәкен Бибосынов - Самет Гумуш (Түркия, 2024 жылғы Еуропа чемпионы) Ширек финалда Рио Олимпиадасының чемпионы Хасанбай Дусматовпен (Өзбекстан) жолығуы мүмкін. 57 келі. 17 боксшы 1/8 финалМахмұд Сабырхан - Хосе Гуелес Бротонс (Испания, 2023 жылғы Еуропа ойындарының күміс жүлдегері) Ширек финалда әлем чемпионы Абдумалик Халоковпен (Өзбекстан) жұдырықтасуы мүмкін. 63,5 келі. 22 қатысушы 1/16 финалМұхамедсабыр Базарбайұлы - Ойер Ибарче (Испания)1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы Тайпей өкілі Лай Чу Енмен кездеседі.71 келі. 20 қатысушы1/16 финал. Асланбек Шымбергенов - Зейад Ишаиш (Иордания, 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері) 1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы әлем чемпионы Севон Оказавамен (Жапония) жолығады. 80 келі. 18 қатысушы 1/8 финал Нұрбек Оралбай - Каллум Петерс (Аустралия)92 келі. 16 қатысушы1/8 финалАйбек Оралбай - Олейтен Олаор (Нигерия)Ширек финалда 2 дүркін Олимпиада чемпионы Хулио Ла Круз (Куба) немесе әлем чемпионы Альфонсо Домингезбен (Әзербайжан) жолығуы мүмкін. +92 келі. 16 қатысушы. 1/8 финал. Қамшыбек Қоңқабаев - Аюб Джадфа (Испания, 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) Әйелдер:50 келі. 22 боксшы1/16 финал. Назым Қызайбай - Джиордана Соррентино (Италия, 2022 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері) 1/8 финалда бұл жұптың жеңімпазы 2023 жылғы Пан Американ ойындарының чемпионы Каролин Де Алмейдамен жұдырық түйістіреді. 57 келі. 22 боксшы 1/8 финалКарина Ибрагимова - Лозада Мотта Ашлейан (Пуэрто-Рико) 75 келі. 16 боксшы 1/8 финал. Валентина Хальзова - Азейна Билон (Панама, 2015 жылғы әлем чемпионы)