Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті ауыр қылмыс жасағаны үшін (ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы) Қазақстан Республикасының азаматын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бақыт Әділ Есенжолұлы, 25.07.2000 жылы туған, Қарағанды облысының тумасы (Сәтбаев қ.ПБ бұрынғы жедел уәкілі). Бұлтартпау шарасы – «Қамауда ұстау».
«Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат белгілі болған кезде, іздестіру бастамашысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне (мекенжайы Жезқазған қ., Құрманбаев көшесі 15) мына телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз: 8 (7102) 72-12-31 Кезекші бөлім, іздестіру тобы, 8-771-192-44-20, 8-775-912-87-07 ұялы телефоны, (немесе kb.ulytau@antikor.gov.kz электрондық поштасына жазу)», делінген ресми хабарламада.
Іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат берген азаматқа сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік берілетіні де айтылды.