Қабілет жас таңдамайды. Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпия ойындарындағы ең жас спортшы – қытайлық Чжэн Хаохао.
Оның жасы он бірде. Оқушы қыз төртжылдықтың басты бәсекесінде скейтборд спортынан сынға түседі. Ал Олимпиада тарихында ең жас чемпион – америкалық Марджори Гестринг. Ол 1936 жылы Берлинде өткен жазғы ойындарда суға секіру сайысында қарсыластарын шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты. Жеңіске жеткен кезде Марджори 13 жастан 268 күн асқан еді. Ал биылғы бәсекеде ел намысын қорғайтын ең жас спортшы – Батырхан Төлеуғали. 17 жасар спортшы таеквондодан топ жарады деген үміттеміз.