Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған облыс бойынша «Қазсушар» филиалы маусым-шілде айлары аралығында Преображенск су торабынан Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесіне 29,660 текше метр су жіберген.
Бұл Нұра өзенінің гидрологиялық жағдайына тиімді болып, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының биоалуантүрлілігін сақтауға оң ықпалын тигізеді.