Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы Мемлекеттік сыйлығын алу конкурсына алдын ала талқылаудан өткен жұмыстар тізімін ұсынады: 1. «Плазманың кванттық және коллективтік қасиеттері: жаңа технологиялардың теориялық негіздері»; Авторлар ұжымы: Ғабдуллин Маратбек Төлепбергенұлы – Эксперименттік және теориялық физика ҒЗИ-дің жетекші ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD; Жұмағұлова Қарлығаш Нұрманқызы – Эксперименттік және теориялық физика ҒЗИ-дің бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор; Досболаев Мерлан Қылышұлы – Эксперименттік және теориялық физика ҒЗИ-дің жетекші ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының кандидаты; Қоданова Сандуғаш Құлмағамбетқызы – Эксперименттік және теориялық физика ҒЗИ-дің жетекші ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент; Қожамқұлов Төлеген Әбдисағиұлы – Эксперименттік және теориялық физика ҒЗИ-дің бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор; Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы – Эксперименттік және теориялық физика ғылыми- зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты» ұсынған; 2. «Оңтайлы макроэкономикалық саясатты қалыптастырудың теориясы мен технологиялары»; Авторлар ұжымы: Әшімов Әбдіғаппар – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, жұмыс жетекшісі; Әділов Жексенбек Мәкейұлы – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор. Айдарханов Дәурен Талғатұлы - Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ғылыми қызметкері. Алшанов Рахман Алшанұлы – «Тұран» университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ЖОО қауымдастығының президенті; Боровский Николай Юрьевич – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің аға ғылыми қызметкері, физика-математика ғалымдарының кандидаты, доцент; Боровский Юрий Вячеславович – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің жетекші ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент. Оңалбеков Мұхит Ақбердіұлы – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ғылыми қызметкері. «Қазақстан Республикасы БҒМ Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті ШЖҚ РМК» ұсынған; 3. «Қазақстан Республикасының ғарыш саласын қалыптастыру үшін ғарыштық ғылымның әдістері мен технологияларын дамыту»; Авторлар ұжымы: Мұсабаев Талғат Аманкелдіұлы – ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы, жұмыс жетекшісі; Молдабеков Мейірбек – ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары; Ахмедов Дәулет Шафрғұлұлы Ғарыштық техника және технологиялар институтының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор; Дубовиченко Сергей Борисович – В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты ядролық астрофизика секторының меңгерушісі; Жантаев Жұмабек Шабденамұлы – «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ президенті, Мұхамедғалиев Арыстан Фазулұлы – «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ геоақпараттық модельдеу департаментінің директоры; Чечин Леонид Михаилович – В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты ЕЖШС перспективті астрофизикалық зерттеулер бөлімінің бастығы, Закарин Едіге Асқарұлы – «Қазгеокосмос» АҚ президентінің даму жөніндегі кеңесшісі. «ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ» ұсынған; 4. «Әлемдік технология нарығында Қазақстанның мәртебесін көтерген және еліміздің инновациялық дамуына елеулі үлес қосқан, алтын мен қорғасын металлургия саласында жасалған әзірлемелерді өндірісте іске асыру»; Авторлар ұжымы: Жәрменов Әбдірәсіл Алдашұлы – «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, жұмыс жетекшісі. Болотова Людмила Сергеевна – «Казмеханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігінің асыл металдар зертханасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты; Исабаев Сағынтай – Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының ілеспелі элементтердің физика-химиясы мен технологиялары зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор; Күзгібекова Қанат – Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының ілеспелі элементтердің физика-химиясы мен технологиялары зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты, доцент; Старцев Игорь Владимирович – Шығыс ғылыми-зерттеу кен-металлургия түсті металдар институтының директоры; Ушаков Николай Николаевич – Шығыс ғылыми-зерттеу кен-металлургия түсті металдар институтының бас ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық минералды ресурстар академиясының академигі; Шалғымбаев Серікбол Тілеулесұлы – «Казмеханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігінің директоры, химия ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі; Шумский Виктор Александрович – Шығыс ғылыми-зерттеу кен-металлургия түсті металдар институты директорының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі. «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК ұсынған; 5. (Қызмет бабында пайдалану үшін); 6. «Қазақстанда бекіре шаруашылығының ғылыми-техникалық негіздерін қалыптастыру және инфрақұрылымын жасау»; Авторлар ұжымы: Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы – жобаның жетекшісі, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры, биология ғылымдарының кандидаты, ассоциацияланған профессор; Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы – «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг» АҚ ғылыми кеңесшісі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының және Қазақстан Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі; Ыдырысов Дінмұхамед Аппазұлы, «Ordabassy group» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi бақылау кеңесінің төрағасы, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы инженерлік академиясының академигі; Ким Александр Викторович, «VK group company» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнің бас директоры, МВА, менеджмент магистрі; Темірханов Серік Рәкішжанұлы, «Биология моря» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнің директоры. «ҚР АШМ Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ШЖҚ РМК» ұсынған; 7. «Таңдамалы шығармалар» (10 томдық); Авторы: Қошанов Аманжол Қошанұлы – Экономика институтының Әлеуметтік өңдеу және адам капиталы даму орталығының бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы, еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері. «ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Экономика институты» РМҚК» ұсынған. 7. «Ұршық буынының хирургиясында эндопротездеуді қолданып инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу»; Авторлар ұжымы: Батпенов Нұрлан Жұмағұлұлы – ҚР ДСӘДМ «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» РМК директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор – жұмыс жетекшісі; Әшімов Қайрат Жолдыбайұлы – Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының №3 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты; Баймағамбетов Шалғынбай Абыжанұлы – Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты директорының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, доцент; Белокобылов Алексей Александрович – Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының №4 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты; Оспанов Қуаныш Төлеуұлы – Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент; Раймағамбетов Ерік Қанатұлы – Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының №5 ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты. ҚР ДСӘДМ «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК ұсынған. 8. «Қазақстан Республикасы көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу»; Авторлар ұжымы: Ақшолақов Орал – «АкАй Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы минералдық ресурстар академиясының академигі; Жолтаев Герой – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті мұнай-газ геологиясы кафедрасының меңгерушісі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық минералдық ресурстар академиясының академигі; Есқазиев Құрманғазы Орынғазыұлы – «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты; Коврижных Петр Николаевич – «Геокен» «ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының бірінші орынбасары, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты; Қуандықов Балтабек Мұқанұлы – «Меридиан Петролеум» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы өндірісіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстан Республикасы минералдық ресурстар академиясының академигі; Огай Евгений Кипониевич – «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының игеру және бұрғылау жөніндегі орынбасары, техника ғылымдарының докторы, аға ғылыми қызметкер, Ресей жаратылыстану академиясының шетелдік мүшесі; «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ұсынған. Жұмыстар бойынша ақпараттық материалдар Ғылым комитетінің сайтында орналасқанын хабарлаймыз. Барлық сын-пікірлерді, ұсыныстар және ескертпелерді 2015 жылғы 15 тамызға дейін мына мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: Астана қаласы, Министрліктер үйі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (11-кіреберіс, 1045-бөлме, тел. 74-20-29) Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия.
•
12 Маусым, 2015
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиядан
553 рет
көрсетілді