• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Олимпиада Бүгін, 14:44

Махмұд Сабырхан тартысты жекпе-жекте есе жіберді

79 рет
көрсетілді

57 келіде Париж Олимпиадасында алғашқы кездесуін өткізген Махмұд Сабырхан испаниялық қарсыласынан жеңіліп қалды, деп жазады Egemen.kz.

Үш раундтан кейін төрешілер Хосе Кильес Бростонстың жеңісін айқындап 1-4 есебін тіркеді.Айта кетейік, Махмұд әлем чемпионы (54 кг, 2023) және күміс жүлдегері (54 кг, 2021), Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Ал 26 жастағы Хосе - Еуропа ойындарының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионатының күміс және қола жүлдегері.

Осымен Париж Олимпиадасында 3 боксшымыз жарысты аяқтады. Олар: Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Қамшыбек Қоңқабаев.