• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 11:42

Жаңа оқу жылынан бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы өседі

48 рет
көрсетілді

1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясы тағы 50 пайызға артады. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мемлекеттік тапсырысты ұлғайту бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп отыр. Биыл 145 мың грант бөлінді, оның 65%-ы техникалық мамандықтарға бағытталған. Сондай-ақ 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясы өткен жылғы деңгейден 50%-ға ұлғаяды», деді Ғани Бейсембаев.