• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 07 Тамыз, 2024

Коллектор жұмысындағы өзгеріс

59 рет
көрсетілді

Азаматтардың осы жылғы 1 қазанға дейін сатып алынған берешегі бойынша коллекторлық агенттіктер берешекті реттеу рәсімін өт­кізу туралы талап енгізілген сәттен бастап 20 күн ішінде (осы жылғы 1 қазан) өз борышкерлерін міндеттемені орындау та­­лап­тарын өзгертуге қатысты тиісті өтініш беру құқығы туралы ха­бар­дар етуге тиісті болады.

Борышкер хабарламаны ал­ған­нан кейін кез келген уақытта мін­дет­темелерді орындамау себебін, сондай-ақ берешекті реттеудің өз нұсқаларын көрсете отырып, коллекторлық агенттікке тиісті өтінішпен жүгінуге құқылы. Өтінішке міндетті түрде кірістер­дің төмендегенін және өз мін­деттемелерін орындай алмай­тын­дығын куәландыратын құжаттар қоса берілуі керек.

Егер борышкер мәліметтер мен құжаттарды толық көлемде өткізбесе, онда коллекторлық агенттік 10 жұмыс күні ішінде қосымша мәліметтерді сұратады. Бұл ретте борышкердің оларды ұсыну мерзімін 5 жұмыс күні деп көрсетеді. Құжаттарды тиісті мерзімде ұсынбау борышкердің өтінішін қараусыз қалдыру үшін негіз болады.

Толық құжаттар топтамасын ұсынғаннан кейін коллекторлық агенттік өтінішті күнтізбелік 15 күн ішінде қарайды. Шешім қабылдау кезінде коллекторлық агенттік борышкерлер санаты (мысалы, ресми жұмыссыз, халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері), қажетті құжаттар тізбесі және борыш жүк­темесін азайту жөніндегі шаралар айқындалатын ішкі құжаттарды басшылыққа алады. Бұл ақпарат коллекторлық агенттіктің ресми интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.