• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Тамыз, 2024

Ғасыр үздігі – Фелпс

48 рет
көрсетілді

Таяуда әйгілі ESPN арнасы ХХІ ғасырдың ең үздік спортшыларының рейтингін жариялады. Бұл тізімде АҚШ жүзушісі Майкл Фелпс жеке-дара көш бастап тұр.

Әрине, оған еш таң­дануға болмайды. Өзінің атақ-даңқы жағынан жер-жаһанда Фелпске теңесе­­тін ешбір адам жоқ. 39 жас­­та­ғы Балтимордың жұлдызы Олимпия ойындарында ­23 алтын, 3 күміс және 2 қола медальды олжалады. Бар­лығы – 28 жүлде! Әлем чемпионатында 33 рет (26 алтын, 6 күміс, 1 қола) жеңіс тұғырына көтерілді. Бұл табысының барлығына ол 2001-2016 жылдары қол жеткізді.Екінші орынды Серена Уильямс иеленді. «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлерде 23 рет топ жарған 42 жастағы америкалық теннисшінің төрт дүркін Олимпиада чемпионы деген атағы тағы бар. Үздік үштікті атағы жер жарған футболшы, Аргентина­ның шоқ жұлдызы Лионель Месси түйіндеп тұр. Сон­дай-ақ ТОП-ондыққа ЛеБрон Джеймс (АҚШ, баскетбол), Том Брэйди (АҚШ, америкалық футбол), Роджер Федерер (Швейцария, теннис), Си­мона Байлз (АҚШ, көркем гимнастика), Тайгер Вудс (АҚШ, гольф), Усэйн Болт (Ямайка, жеңіл атлетика) және Кобе Брайант (АҚШ, баскетбол) сынды саңлақтар еніп отыр.

Өкінішке қарай, ТОП-100 спорт­шының қатарынан Қа­зақ­станның бір­де-бір өкілін кезіктіре алмадық.