• RUB:
    5.22
  • USD:
    479.44
  • EUR:
    523.69
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 15:34

Қазақстан Олимпиада жүлдегерлеріне ең көп сыйақы беретін елдер қатарында

26 рет
көрсетілді

Төрт жылда бір рет өтетін Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Олимпиадада медаль алған спортшыларға сыйлық беру үрдісі әлемнің көптеген елінде бар. Алайда кейбір елдер қомақты ақшамен шектелмей, көлік, баспана беріп жатады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

CNBC сайты Ұлттық Олимпиада комитеттерінен, спорт қауымдастықтарынан сыйақы мөлшері туралы ақпарат жинаған.

Дереккөз мәліметінше, Гонконг тізімде көш бастайды, бұл ел алтын медаль алғандарға 768 мың доллар береді. Бұл − шамамен 366 миллион теңгеден асады.

Сингапур да бұдан қалыс қалмайды. 745 мың доллар береді. Индонезия Олимпиадада бірінші болғандарға 300 мың доллар, Израиль 271 мың доллар үлестіреді.

Қазақстан тізімде бестікті аяқтап тұр. Еліміз биыл да Олимпиада чемпиондарына 250 мың доллар береді.

Айта кетейік, Қазақстан 2024 жылғы Олимпиада ойындарын жеті медальмен аяқтады.