• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Тамыз, 2024

Шымкентте автобуста жанжал шығып, бір адам қайтыс болды

155 рет
көрсетілді

Бүгін Шымкенттің Сайрам тұрғын алабында №148 қоғамдық автобуста жанжал туындап, салдарынан бір адам қаза тапты, деп жазады Egemen.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Полиция депатаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, автобус жүріп бара жатқанда оның жүргізушісін масаң күйдегі жолаушы соққыға шыққан. Сол сәтте жүргізуші тежегішті жедел басқанда, есік алдында тұрған әйел құлап кеткен. Әйел сол жарақатынан жедел жәрдем жеткенше көз жұмған. 

«Жарақат алған жүргізуші ауруханада. Жалпы жолаушылардың қоғамдық көліктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жүргізушілерді қолма-қол ақша алудан босату бойынша қала әкімінің қаулысы ашық нормативтік құқықтық актілер порталында енгізіліп, талқылаудан өтіп жатыр. Одан бөлек, жүргізушілерді жолаушылардан оқшаулау әйнегін техникалық регламентке сәйкес орнату пысықталуда», деді Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Шерзат Сүттібаев.

Жергілікті полиция күдікті қамауға алынып, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын мәлімдеді.