• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Тамыз, 2024

Павлодар облысында жаңа су қоймасы салынады

81 рет
көрсетілді

Павлодар облысы Май ауданы Жұмыскер ауылының маңында жаңа су қоймасы салынады. Бұл туралы жауапты министрлік хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Су қоймасы 2,5 млрд текше метр су жинауға қауқарлы болмақ.  Сондай-ақ өңірдегі №87 апаттық бөгет пен №4 су торабы қайта жаңғыртылады.

«Суару жүйелерін, оның ішінде «Ертіс-Успенка» каналын, Аққулы ауданының Лебяжі суару жүйесін, Аққулы, Ертіс, Павлодар, Ақтоғай аудандарында және Екібастұз қаласында лиманды суару жүйелерін ауқымды реконструкциялау да жоспарда бар. Өңірдегі су үнемдеу технологияларын қолданатын егіс алқаптарын 141 мың гектарға дейін ұлғайту міндеті қойылды», деді  облыс тұрғындарымен кездесуде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.