• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Тамыз, 2024

«Бір адам реанимацияда жатыр». Павлодарда алюминий зауытының 2 қызметкері күйіп қалды

138 рет
көрсетілді

«Алюминий Қазақстан» АҚ гидрометаллургиялық цехындағы жұмыс кезінде екі жұмысшыға сілтілі ерітінді төгілген. Бірі реанимацияда жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Зардап шеккен қызметкерлер қалалық ауруханаға жеткізілді. Бірі жалпы палатада емделіп жатыр. Екінші қызметкер реанимацияда. Оларға қажетті барлық көмек көрсетіледі. Компания қажетті дәрі-дәрмекті сатып алды. Реанимациядағы қызметкерге күйік шалғанда қолданылатын арнайы кереует сатып алынды», делінген зауыт хабарламасында.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккендерді 2-3 дәрежелі күйік шалғанын хабарлады. Реанимациядағы қызметкердің денесінің 65% күйіп қалған, ал әріптесінің денесінің 5% күйген.