• RUB:
    5.4
  • USD:
    478.57
  • EUR:
    526.91
Басты сайтқа өту
Денсаулық Бүгін, 17:52

Қыркүйектен бастап тұмауға қарсы екпе салу басталады

19 рет
көрсетілді

Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрлік республикада тұмау бойынша эпидахуал қалыпты деп отыр.

«Биыл тұмауға қарсы ресейлік «Гриппол» вакцинасының 2,2 млн дозасы сатып алынды. 1 қыркүйекке дейін барлық медициналық ұйым вакцинацияға дайын болуы тиіс», деді Тимур Сұлтанғазиев тілшілердің сауалына берген жауабында.

ДСМ бірінші вице-министрінің сөзінше, медициналық қызметкерлер, балалар, жүкті әйелдер, созылмалы ауруы бар ересек адамдар, медициналық-әлеуметтік ұйымдарда тұратындар екпені тегін алады. Азаматтардың қалған санаты екпені ақылы түрде алуына болады. Тимур Сұлтанғазиев жекеменшік емханалар мен дәріхана желілері тұмауға қарсы вакцинаны сатып алатынын жеткізді.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметованың айтуынша, жыл сайын елімізде халықтың 12 пайыздан астамы тұмауға қарсы екпе алады.