• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Тамыз, 2024

Қалпына келтіру жұмысының барысы

84 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін салынып жатқан үйлер құрылысының барысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында Қанат Бозымбаев БҚО әкімі Нариман Төре­ға­лиевпен және Өнеркә­сіп және құрылыс вице-ми­нистрі Қуандық Қажке­нов­пен бірге Қаратөбе ауда­нындағы Қоржын аулы­на, Сырым ауданындағы Өлеңті мен Жымпиты ауылдарына, сондай-ақ Дерқұл, Зашаған ауылдарына және Орал қаласының Жұлдыз шағын ауданына барды.

Қоржын аулында 3 бөл­­мелі 90 тұрғын үйдің құ­­рылысы жүріп жатыр. Мұн­д­а электр және жылыту жұмыстары толығымен аяқ­талды. 79 үйде ішкі әрлеу жұмыстары аяқталды. Ны­санда 6 мердігер компания жұмыс істейді. Олармен кездесуде Қанат Бозымбаев әрлеушілер бригадалары­ның санын көбейтуді және құрылысты сапалы аяқтауды тапсырды.

Сырым ауданының Өлеңті мен Жымпиты ауылдарында тасқыннан зардап шеккендер үшін 68 типтік бір пәтерлі және 10 екі пәтерлі 3 бөлмелі үйлердің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бүгінде 45 үй тапсырылды.

Орал маңында да ауқым­ды құрылыс жүріп жа­тыр. Мұнда су тасқыны ке­зінде жалғыз баспанасы­нан айырылған саяжай тұрғындары үшін үйлер салынуда. Жұлдыз шағын ауда­нында 17 құры­лыс компаниясы 191 типтік үй құрылысын қолға алған. Дерқұл аулында 103 үйде әрлеу жұмыстары жасалып жатыр. Сондай-ақ Заша­ған аулындағы 70 үйде ішкі әрлеу жұмыстары жүргі­зі­луде, тағы 7 үйдің шатыры жабылып жатыр.

БҚО әкімі Нариман Төре­ғалиевтің айтуынша, үйлердің басым бөлі­гі 1 қыркүйекке дейін пай­далануға беріледі. Қанат Бозымбаев құрылыс қарқы­нын жеделдетуді тапсырды.

Сондай-ақ облыста 9 994 отбасы жалпы сомасы 3,7 млрд теңге болатын 100 ай­лық есептік көрсеткіш көле­мінде бірреттік төлем алған. Тағы 10 222 отбасына келген залал үшін 150 АЕК көлемінде өтемақы төленген. Өтемақылардың жалпы сомасы 3,68 млрд теңгені құрайды.