• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Сәуір, 2015

Мемлекет басшысын таңдау – ұлттың тағдырын айқындау

340 рет
көрсетілді

Өз басым бүгінгі күнді – халқымыз үшін, еліміздің келешегі үшін аса маңызды күн деп есептеймін. Өйткені, Мемлекет басшысын сайлау қашанда маңызды, жауапкершілігі мол науқан екені белгілі. Байқағаным, жұртшылық биылғы сайлауға белсене қатысуда. Отбасымен, немерелерін ертіп, топ-топ болып келіп, дауыс беріп жатыр. Көрген жанның көзі тойғандай, бұл да зор қуаныш. Ең бастысы, бұл – халқымыздың саяси белсенділігінің көрінісі. Халық өзінің Елбасын дұрыс таңдауымен ұлтының тағдырын айқындайды, отбасының амандығын, ұрпағының бай-қуатты келешек өміріне жол ашады. Тәуелсіздік таңынан бергі еліміздің тұрақтылығы мен экономикалық даму үрдісі біздің мемлекетіміздің дұрыс бағытта келе жатқандығының айқын көрінісі. Осыған дейін жеткен жетістіктеріміздің, алған асуларымыздың барлығы Елбасының көреген саясатының арқасы деп білемін. Ал, алдымызда атқарылар істер мен алар асуларымыз одан да зор. Осы мақсатты жолда біз тек Елбасымен бірге жететінімізге мен сенімдімін. Мен халқымның бақытты өмір сүруі үшін отбасыммен бірге Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа дауыс бердік. Н.Назарбаев Қазақстан халқы үшін алтын көпір салған, үлкен алыс жолдарға миуалы ағаш отырғызған, шөлде құдық қазып берген иман нұрлы инсани кәміл. Ахметжан ӘШИРИ, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.