• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 10:37

Бүгін отандасымыз Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалында ойнайды

Бүгін төрт «Үлкен дулыға» турнирінің бірі саналатын Францияның ашық чемпионаты бәсекесінің финалдық ойыны өтеді. Жұптық бәсекенің шешуші сынында  отандасымыз Анна Данилина мен сербиялық Александра Крунич,  чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тэйлор Таунсендге қарсы ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандық-сербиялық жұп «Ролан Гаррос» турнирінде осымен қатарынан екінші финалға шығып отыр. Былтыр Данилина мен Крунич финалда италиялық Жасмин Паолини және Сара Эррани жұбына 4:6, 6:2, 1:6 есебімен есе жіберген болатын.

Биыл жұптық сындағы «Ролан Гаррос» чемпиондарының әрқайсысы 600 мың еуродан сыйақы алып, 2000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Естеріңзіге салайық, финалдық ойын 7 маусым, Астана уақыты бойынша сағат 14:00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар