• RUB:
    6.11
  • USD:
    472.03
  • EUR:
    540.29
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Алматыдағы нөсер: Коммуналдық қызметтер су басқан аумақтарды қалпына келтіруде

4 шілде күні күндіз Алматыда қатты нөсер жауып, соның салдарынан қала аумағында 26 жерде жергілікті су басу жағдайы тіркелді. Ең көп жауын-шашын сағат 15:00 мен 16:00 аралығында жауды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қала әкімдігінің мәліметінше, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша коммуналдық қызметтер су жиналған 24 аумақты толық тазартқан. Қалған екі учаскеде қалпына келтіру жұмыстары жедел түрде аяқталуда.

Тәулік бойы мегаполис көшелерінде 3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника жұмылдырылды.

Синоптиктердің болжамынша, 5 және 6 шілдеде Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Соған қарамастан, қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген дайындық режимінде жұмысын жалғастырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар