Алматы қаласының Әуезов ауданында ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апатының салдарынан жүргізуші ауыр жарақат алып, қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Жанындағы жолаушы әйелге де медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша Kia автокөлігінің жүргізушісі Төле би даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Яссауи көшесінен өткеннен кейін жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан көлік салынып жатқан жолайрықтың тірегіне соғылып, аударылып кеткен.
Батыс Қазақстанда қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты
Болжам бойынша жол-көлік оқиғасына жылдамдықты сақтамау себеп болуы мүмкін. Алайда апаттың нақты себептері мен барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады.
Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы қаза тапты
Полиция жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде жүргізушілерді барынша мұқият болуға, жылдамдықты сақтауға және жол жағдайын ескеруге шақырады.