Қазақстанның бірінші ракеткасы, WTA рейтингінде екінші орында тұрған Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 27-орында тұрған бельгиялық Элизе Мертенспен кездесті.
Матч екі сетке созылып, Мертенстің жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп 7:6 (7:4), 6:1. Осылайша, Рыбакина Уимблдондағы жарысты үшінші айналымда аяқтады.
Бүгін ерлер арасындағы Уимблдонның үшінші айналымында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик америкалық Фрэнсис Тиафомен кортқа шығады.