АҚШ-тағы автокөлік нарығы бес жылдан кейін екі миллион көлікке қысқаруы мүмкін. Сала сарапшыларының дерегіне сәйкес, 2040 жылға қарай автокөлік сатылымы 14 миллион данадан төмендеуі ықтимал, деп жазады Egemen.kz.
Мамандар мұны туу көрсеткішінің төмендеуімен және жастар арасында өмір сүру салтының өзгеруімен байланыстырады. Олар жүргізуші куәлігін алуға асықпайды. Оның орнына такси қызметін көбірек пайдаланады. Бұған қоса, жаңа автокөліктердің қымбаттауы да қосымша қысым көрсетіп отыр.
Қазақстанда автокөлік сатып алудың жаңа тәсілі іске қосылады
Соңғы 4 жылда автонесие бойынша ай сайынғы төлемдер шамамен 30 пайызға өскен. Сарапшылардың пікірінше, сұраныстың төмендеуі аясында автокөлік өндірушілері әрбір сатып алушы үшін бәсекеге түсуге мәжбүр болады.
Көлік нарығы көңіл көншіте ме?
Бұған дейін Қазақстанға шетелден көлік алып келу және оларды рәсімдеу тоқтатылғаны туралы жаздық. Кедендік брокерлер KEDEN ақпараттық жүйесінде ақау туындағанын мәлімдеді.