Ақмола облысының 37 жастағы тұрғыны Петропавлда есірткі тасымалдап, оны жасырын орындарға қалдырды деген күдікпен қолға түсті. Әйелдің сөмкесінен ірі көлемде а-PVP психотроптық заты табылған, деп жазады Egemen.kz.
Полицейлердің мәліметінше, күдікті шамамен үш ай бойы интернет-дүкен арқылы жұмыс істейтін есірткі таратушыларға тасымалдаушы әрі жасырын орындарға қалдырушы ретінде жалданған.
Есірткі қылмысына қарсы күрес: 6 мың сайт пен 9 мың банк картасы бұғатталды
Тінту кезінде оның жол сөмкесінен дозаларға бөлініп, 5 пакетке оралған синтетикалық есірткі тәркіленді. Сараптама сөмкеден табылған ұнтақтың қауіпті синтетикалық есірткі – а-PVP екенін растады. Оның жалпы салмағы 300 грамнан асты.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алматы облысында VIP клиенттерге есірткі сатқан топ ұсталды
Бұған дейін Көкшетауда есірткі таратпақ болған 19 жастағы жігіт ұсталғаны туралы жазған болатынбыз.