• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 10:50

«Семей орманы» резерватының 5 тұсынан шыққан өрт сөндірілді

22 рет
көрсетілді

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында 5 жерден шыққан өрт ауыздықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы күндері «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында өрт оқиғалары жиілеп кетті. 17 тамыз күні 5 жерге қызыл жалын жайылған.

«Әр жерге өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері шұғыл жетіп, тілсіз жаумен күреске түсті. Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында барлық жердегі өрт сөндірілді. Анықталғандай, 5 жерде де оттың шығуына – найзағай себеп болған», - делінген «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватынан таратқан ақпаратта.

Еске салсақ, 15 тамыз сағат 18:00-ден 16 тамыз 13:00-ге дейін аталған орман қоры аумағында шыққан 18 өрт ауыздықталған болатын.