• RUB:
    5.38
  • USD:
    478.91
  • EUR:
    526.42
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 15:00

54 елді мекенде пилоттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізіледі

23 рет
көрсетілді

Елімізде 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында пилоттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Пилоттық ауыл шаруашылығы санағы 54 елді мекенді қамтиды. 

Санақты Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері жүргізеді. Оған заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, шаруа және фермер қожалықтарын қоса алғанда, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын үй шаруашылықтары қатысады.

Сауалнаманы 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында  sanaq.gov.kz сайтында толтыруға да болады. 

Ұлттық статистика бюросы үй шаруашылықтарына арнайы киінген  (ақ қалпақ пен оның жеке басын куәландыратын бэйджы бар) және қолында планшеты бар интервьюерлер баратынын ескертті.