• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 20:02

Дін мамандарына арналған тренинг ұйымдастырылды

26 рет
көрсетілді

Ақмола облысында «Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлар мен тренингтер өтті, деп жазады Egemen.kz

Осы жылдың  13-14 тамызында Семей қаласындағы Абай атындағы әмбебап кітапханасында Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауы, «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды даярлауға бағытталған іс-шара өтті. Шараға «Дін зерттеу орталығының», мешіттердің, ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, имамдар, психологтар мен теологтар қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – Нейролингвистикалық бағдарламалау маманы, психолог  Сейтқали Мирзада Шахманұлы  және дінтанушы Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы дәріс оқыды.

Сейтқали Мирзада Шахманұлы  «Ораторское мастерство: Искусство публичных выступлений» тақырыбында сөйлеу техникасын меңгерудің тиімді жолдарын атап өтіп,  дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуына септігін тигізетін тәсілдермен бөлісті. Сондай-ақ, «Навыки высокоэффективных людей» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен ақпарттық байланыс орнатты. 

Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлы  «Қазақстан Республикасындағы радикалдық және экстремистік бағыттағы діни ағымдар және олардың белсенділігі туралы» тақырыбы аясында тыңдаушыларға діни сананың ерекшеліктерін, діндарлықтың құрылымын, жеке тұлғаның және қоғамның діни даму айырмашылықтарын түсіндірді. Сондай-ақ «Зайырлылық және оның діни бірлестіктермен қарым қатынасының негізгі принциптері» тақырыбында қатысушыларға жастар арасындағы тәуекел топтарын анықтау үшін профайлинг техникасын, яғни, қылмыс жасауға дайын тұрған тұлғаның сыртқы келбетіне, мимикасына, жүріс-тұрысына қарап қалай анықтауға болатынын түсіндірді.

Сонымен қатар, семинар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.