• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 20 Тамыз, 2024

Экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары сотталды

63 рет
көрсетілді

Алматы қалалық сотымен Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары А. Қасымбаев пен кәсіпкер Ж. Сәкенов сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

Олар алаяқтыққа оқталғаны және Алматы қаласы кәсіпорындарының бірінің директорының қылмыстық ісін тоқтату үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне 10 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

«Сот үкімімен Қасымбаев пен Сәкенов мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды», делінген хабарламада. 

Сот үкімі заңды күшіне енді.