• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
Энергетика Бүгін, 12:45

Жапония мен Ресей атом энергетикасынан бас тартқан жоқ - Елнұр Бейсенбаев

21 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада АЭС салу мәселелері бойынша көпшілік жария талқылау өтті. Жиында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев АЭС салу мәселесі бойынша референдум өткізу «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының қағидаттарын іске асыру екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Жақында елімізде АЭС салу бойынша референдум ұйымдастырылады. Бүгінгі жария талқылауда халықты алаңдатқан сұрақтар талқыланды.

«Бүгінгі қоғамдық кеңесте АЭС туралы түрлі пікірлер айтылды. Фукусимадағы және Чернобыльда болған апатты да тілге тиек етті. Бірақ төтенше жағдай болғанмен Жапония мен Ресей АЭС салудан бас тартқан жоқ. Қазіргі таңда екі елде де АЭС кемінде 30 пайыз энергетикалық тұрақтылықты сақтап отыр. Ал Францияны 70 пайыз энергетикалық тұрақтылықпен АЭС қамтамасыз етіп отыр», деді Елнұр Бейсенбаев.

Депутат қазір елде энергия тапшылығы бар екеніне тоқталып, бұл 10 жылдан кейін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертті. Сондықтан қоғамдық талқылау барысында бұл тақырыпты ғылыми тұрғыдан қарастыру маңызды. 

«Әлемде барлық мемлекет көмірден алынатын энергиядан бас тартып жатыр. Мәселен, көршілес Қытай мемлекетін алайық. Осыдан 12 жыл бұрын Бейжің қаласында болдым. Ол кезде қала көшелерінде таза ауа болмайтын бірақ қазір ол әлемдегі таза экологиялық қалалардың қатарына кіріп отыр. Сондықтан да біздің елде міндетті түрде тұрақты энергияны қамтамасыз ету керек. Бүгінгі талқылауда түрлі оқыс жағдайлар болуы мүмкін деген пікірлер айтылып жатыр. Бұл айтылып жатқан пікірлердің ғылыми жағына назар аудару қажет. Осы күнге дейін елімізде үш референдум өтті. Олардың барлығы саяси бағытта болды. Қазақстан бірінші рет әлеуметтік, қоғамды мазалайтын референдумды өткізейін деп жатыр. Яғни, бұл Мемлекет басшысы айтқан «құлақ асатын мемлекет» қағидасының іске асып жатқанын көрсетеді. Бүгін шынайы пікірталас өтіп жатыр. Иә рас, осында АЭС-ті қолдаушылардың қатары көбірек. Пікір айтушы ғылыми сарапшыларда бар. «Аманат» партиясы осы идеяның мейлінше шынайы іске асуына және дауыс беруде әділеттілікті сақтауға күш салады. Біздің қатарымызда да кәсіби энергетика мамандары бар. Сондықтан да бұл тақырыпқа жан-жақты қарау қажет», деді депутат.