• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
12 Маусым, 2015

Маңғыстауда тойды төбелеспен аяқтау әдетке айналып барады

374 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 12 маусым. Маңғыстауда тойды төбелеспен аяқтау әдетке айналып барады. Бұл туралы nur.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ақтауда той үстінде төбелес шығару «модаға» айналған. Қаладағы той мен мерейтойлардың көбісі бір-біріне жұдырық жұмсаумен аяқталатын көрінеді. Биыл Ақтаудағы тәртіп сақшылары той, мерейтой және ұжымдық басқосулардағы төбелесті тоқтату үшін 60 рет оқиға орнына жеткен. Бүгінде Ақтау қаласында тойға бару қауіпті деген әңгіме таралып, тіпті, тойдың соңы кісі өлімімен де аяқталуы мүмкін деген сөздер айтылуда. Ақтау қаласының прокуроры Талғат Әлібаевтың айтуынша, өңірде көше мен аулаларда, үй подъездерінде жаға жыртысатындар да көбейген. Тек мұндай әрекет жастардың ғана емес, нәзік жандылар мен егде жастағы адамдардың да арасында кездеседі екен. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек, сурет: egemen.kz.